гематоксилинмен және эозинмен бояу - гистологиялық препараттарды бояудың негізгі әдісі болып табылады. Бұл бояу екі еселенген: гематоксилин - негізгі бояғыш- жасушалардың ядроларын бояйды, эозин - қышқыл бояғыш - жасушалардың протоплазмасын және аз дәрежеде әртүрлі жасушадан тыс құрылымдарды бояйды.
Нәтиже: ядролары көк, цитоплазма және жасуша аралық зат қызғылт.
Ван Гизон бойынша пикрофуксинмен бояу - басқа әдістермен боялған препараттарда тегіс бұлшықет жасушаларын дәнекер тін жасушаларынан ажырату қиын болған жағдайда тегіс оларды ажыратуға мүмкіндік береді. Ядро бояғышы ретінде Вейгерт темірлі гематоксилині қолданылады, ол ядроларды қара немесе қоңыр-қара түске бояйды.
Нәтиже: Коллаген талшықтары ашық қызыл, ал бұлшықет және эластиктік талшықтар қоңыр-сары немесе сары-жасыл болып келеді. Ядро қызыл-қоңыр немесе қара-қоңыр-түсте болады.
Үш түсті Массон бояуыжасушалық және жасушадан тыс құрылымдарды (дәнекер тіннің элементтерін) саралауға арналған. Бұл әдіс ядроларды, нейрофибрилдерді, нейроглияны, коллагенді, креатинді және жасушаішілік талшықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Нәтиже:ядролар қара түске боялады, жасушалардың цитоплазмасы ашық қызыл; креатин, коллагенді, эластикті және бұлшықетті талшықтар мен ацидофильді түйіршіктер - алау қызыл түске; коллаген, сүйек, мукополисахаридтер, базофилді түйіршіктер жасылдан көкке дейін боялады, ал эритроциттер сары түсті болады.
ШИК реакциясы (Шифф реактивімен бояу)
құрамында жақын орналасқан гликоль немесе аминогидроксил топтары бар қалыпты және патологиялық өзгерген тін компоненттерін анықтауға арналған.
Нәтижелері: ШИК-оң заттар - ашық қызыл. Ядролар - көк.
Конго қызыл - амилоидты анықтаудың эмпириялық әдісі. Конго қызылмен боялған амилоид поляризацияланған жарықта қос сәулелік сынуға қабілетті екенін көрсетеді. Байқалған анизотропияға негізделіп амилоидтың молекулалық құрылымы ретті екені жөнінде қорытынды жасауға болады.
Нәтиже: Амилоид кірпіш-қызыл түсті және поляризацияланған жарықта қос сәулелі сынуын көрсетеді. Ядролар көк түсті.
Липидтер мен липоидтарды бояу (Судан III немесе қызыл шарлах бояғыштармен)
Аталған бояғыштар барлық майлар мен липоидтарды және бейтарап майларды анықтайды.
Майларды анықтау үшін формалинді бекіту қажет; бекіту уақыты 48 сағаттан аспауы керек. Жуылғаннан кейін тін бөліктерін тілу үшін мұздатқыш микротом пайдаланады. Қалыпты зерттеулерде қолданылатын эфир, ксилол және күшті спирттерден өткізуге болмайды, өйткені оларды қолданғанда зерттелетін тіндерден майлар ерітіліп бөлек алынады. Судан III және қызыл шарлахпен бояу әдісі осы бояғыштардың майларда жақсы еритіндігіне негізделген. Қаныққан спирт ерітінділерінен Судан III және қызыл шарлах боялған тіндердің майына оңай енеді. Судан III және қызыл шарлахтың майларда ерігіштігі спиртке қарағанда әлдеқайда жоғары. Майды анықтау үшін боялғаннан кейінгі тілімдер глицерин немесе глицерин-желатинмен жабылады, себебі олар майды ерітпейді және сусыздандырылған препараттың өңін жақсы ағартады.
Нәтиже: майлы заттар қарқынды сарғыш-қызыл түсті, ал ядролар - көк түсті.
Тулоидин көгі - әртүрлі тіндердің препараттарындағы лаброциттерді және дәнекер тіннің дезорганизациясы кезіндегі метахромазия құбылысын анықтау үшін қолданылады. Негізгі анилинді бояғыштардың ерітінділеріне жатататын толуидин көгінің лабороциттерді анықтауға ықпалдылығы олардың лаброциттерд түйіршіктерінде орналасқан гепаринмен әрекеттесуіне негізделген. Бұл жағдайда түйіршіктердің метахромазиялық боялуы байқалады. Айта кету керек, материалдың формалинде ұзақ уақыт бекітілуі лаброциттер метахромазиясының жойылуына жағдай жасайды.
Нәтиже:ядролар - көк түске ие болады, жасушалар цитоплазмасының базофилді құрылымдары көк және көгілдір түске боялады (ортохромазиялық боялуы), лаброциттер түйіршіктері және гиалинді шеміршектің негізгі заты күлгін түсті (метахромазиялық боялуы), коллаген талшықтары, эритроциттер боялмайды.
Гордон-Свит бойынша күмістеу - дәнекер тініндегі аргирофильді ретикулярлық талшықтарды анықтауға арналған.
Нәтиже: ретикулярлық және жүйке талшықтары - қара, дәнекер тін - қоңыр, коллаген - алтындай сары.
Грокот бойынша күмістеу - саңырауқұлақтар мицелийін анықтауға арналған.
Саңырауқұлақтардың көпшілігінде жасуша қабырғасы хитиннен - N-ацетилглюкозаминнің полимерінен, D-глюкоза мен D-маннозаның полимерлерінен, ақуыздар мен липидтерден тұрады. Хром қышқылы полисахаридтер тізбегінің гликольдік және гликаминдік топтарымен әрекеттеседі, оларды альдегидтік топтарға дейін тотықтырады, содан кейін тізбек үзіледі. Жаңадан түзілген альдегидтер күміс-метенамин кешенінің құрамына кіретін күміс хлоридінен күмісті металдық күмістің қалпына келтіреді де, осылайша оның визуализациясын қамтамасыз етеді.
Нәтиже: саңырауқұлақтар мицелийі - қара, крахмал - қою көк. , фоны - жасыл түсте.
Романовский-Гимзе бойынша H. Pylori бояу - гастробиоптаттарда Helicobacter Pylori анықтауға арналған.
Нәтижелері: Helicobacter Pylori - көк түсті, шағала қанаттары түрінде. Ядролар көк түсті. Цитоплазма қызғылт түсті.
Туберкулез микобактериясын Циль-Нильсон бойынша бояу- гистологиялық кесінділерде және микробиологиялық жағындыларда қышқылға төзімді микобактерияларды (әсіресе Кох таяқшаларын) анықтауға арналған. Карбол фуксинімен бірақ рет боялсада , олар күшті ағартқыш заттардың әсерінен де қызыл түстерін жоғалтпайды. Микобактериялардың бұл қасиетін көп мөлшерде липидтерді қамтитын жасуша қабырғасының ерекше құрамымен түсіндіруге болады.
Нәтижелері: Қышқылға төзімді бактериялар қызыл түсті. Фон - көк.
Шырышты анықтау үшін альциан көгімен бояу.
альциан көгінің, РН 2,5 нұсқасы, қышқыл мукополисахаридтердің көпшілігінің боялуын қамтамасыз етеді.
Нәтиже: қышқыл мукополисахаридтер көгілдір көк түсі.
Шырышты анықтау үшін муцикарминмен бояу.
Нәтиже: мукополисахаридтер қызғылттан қызыл түске дейін. Ядролар көк-күлгін түсті. Фон - сары.
Перлс реакциясы - әртүрлі ағзалар мен тіндердің кесінділеріндегі үшвалентті темір қосылыстарын гистохимиялық жолмен анықтау үшін қолданылады. Парафинді кесінділер жақсырақ өңделеді. Перлс әдісімен темір қосылыстарын анықтау берлиндік көктің түзілуі реакциясына негізделген. Әдіс гемосидериннің құрамында темірді анықтауға мүмкіндік береді. Гемосидерин – жасушаішілік трансформациялар нәтижесінде гемоглобиннен түзілетін темірі бар пигмент.
Нәтиже:үш валентті темір иондары көгілдір, коллаген - күлгін-қызыл түсті. Цитоплазма, бұлшықет тіні, эпителийдің мүйізді қабаты, нейроглия және эритроциттер - сары түсті.