I - тарау. Артериялық және веналық гиперемия. Қан аздық. Қан кету және қан құйылу. Қан мен лимфаның тоқырауы.

Патологиялық анатомияда артериялық және веналық гиперемия (веналылық тоқырау) ерекшеленеді. Артериялық гиперемия ішкі ағзаға артериялар арқылы қанның қалыптан жоғары мөлшерде ағып келуіне байланысты ағзаның немесе тіннің қанмен қамтамасыз етілуінің жоғарылауы. веналық гиперемия (веналық қан толу немесе веналық тоқырау) - веналар арқылы қанның ағзадан ағып кетуінің төмендеуіне байланысты ағзалардың, дене бөлігінің, тұтас бір ағзаның немесе ағзаның жеке бір бөлігінің веналық қанға толып кетуі; бұл жағдайда артериялық қанның келуі өзгермейді немесе азаяды. Веналық қан толудың таралуына қарай жалпы және жергілікті веналық тоқырау деп бөледі, олардың әрқайсысы жедел немесе созылмалы болуы мүмкін; Веналық қан толу кезінде тіндердің өзгеруінің негізгі факторы гипоксия болып табылады.

Жалпы немесе жүйелі веналық қан толу жүрек, өкпелер және бауыр зақымдалған кезде пайда болады. Жергілікті веналық қан толу венаның бітелуіне (тромбпен, эмболмен) немесе сырттан қысылуына (мысалы, ісікпен) байланысты белгілі бір ағзадан немесе дененің бір бөлігінен веналық қанның ағып кетуі қиындағанда байқалады.

Жалпы веналық қан толудың жедел түрі - жүректің жедел жеткіліксіздігінің көрінісі болып табылады. Бұл жағдайда - плазманың сіңуі және тіндердің ісінуі, капиллярларда қанның тоқырауы және диапедездік қан құйылулар, ағзалар паренхимасында дистрофиялық және некроздық өзгерістер дамиды.

Микропрепарат / Өкпелердің ісінуі - гематоксилинмен және эозинмен боялған

Жалпы веналық қан толудың созылмалы түрі - жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің ең маңызды көрінісі болып табылады, онда да плазморрагия, ісіну, диапедездік қан құйылулар, гемосидероз, ағза стромасының склерозы және паренхимасының дистрофиясы мен некрозы, атрофиясы дамиды.

Макропрепарат / Мускат тәрізді бауыр
Микропрепарат / Мускат тәрізді бауыр - гематоксилинмен және эозинмен боялған
Микропрепарат /Өкпенің қоңыр индурациясы (өкпе гемосидерозы) – гематоксилинмен және эозинмен боялған
Микропрепарат / Өкпенің қоңыр индурациясы (өкпе гемосидерозы) – Перлс бойынша боялған

Жергілікті жедел және созылмалы түрдегі веналық қан толу кезінде морфологиялық өзгерістер дененің тиісті ағзаларында немесе бөліктерінде пайда болады. Плазмалық-геморрагиялық, дистрофиялық, некроздық, атрофиялық және склероздық өзгерістерден тыс веналық (тоқыраулық) инфаркттар дамуы мүмкін.

Қан кету (геморрагия)қанның қан айналым арнасынан тіндерге немесе сыртқы ортаға шығуы. қан ​​құйылу - бұл қанның тіндерде жиналуы. Қан кету, біріншіден, қаны сыртқа шыққан тамырлардың түріне қарай, екіншіден, жүректің немесе қан тамырларар қабырғасының бұзылуына әкелетін себеп бойынша жіктеледі. Қан құйылуларға гематома, көгеру, экхимоз және петехилар жатады.

Макропрепарат / Миға қан құйылу

Ишемия (жергілікті қаназдық)- тіннің, ағзаның, дененің бір бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі, жеткіліксіздігі кезіндегі күйі. Артерияның күрт тарылуы, окклюзиясы немесе обтурациясы, яғни. тромбпен немесе эмболмен бітелуі толық ишемияны дамытады, ал қысқа мерзімді спазмы, тұрақты атеросклероз табақшасы немесе интиманың қалыңдауы ішінара ишемиямен бірге жүреді. Т олық жедел ишемия жиі инфаркттің дамуына әкеледі. Созылмалы ішінара ишемияға байланысты ағзалар паренхимасының атрофиясы және склерозы дамиды.

Қанның немесе лимфаның тоқырауы - бұл микроциркуляция арнасы тамырларында , негізінен капиллярларда қан немесе лимфа ағынының тоқтатылуы. Қанның іркілуінің пайда болуында қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруі және дисциркуляциялық бұзылыстар маңызды рөлатқаруы мүмкін.

Қанның қысқа мерзімді тоқырауы ешқандай елеулі салдарға әкелмейді. Ұзақ уақытқа созылған тоқырау дистрофиялық өзгерістерге және ағзаның бір бөлігінің немесе ағзаның бір тұтас некрозын (инфарктісін) тудыруы мүмкін, мысалы, мидың .

Микропрепарат / Мидағы қанның тоқырауы (стаз) - гематоксилинмен және эозинмен боялған
Для продолжения
работы требуется
регистрация