Құрметті әріптестер!
Жоғары медициналық білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізу мақсатында «ГЭОТАР-Медиа» баспа тобы назарларыңызға патологиялық анатомия бойынша жаңа интерактивті электронды оқу басылымын ұсынады. Оқу басылымын дайындаған авторлар тобы: И.М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің А.И. Струков атындағы патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Е.А. Коган; И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің клиникалық молекулалық морфология бөлімінің патологиялық анатомиялық бөлімшесінің дәрігер патологоанатомы, медицина ғылымдарының докторы, доцент И.А. Бехтерева және И.М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің А.И. Струков атындағы патологиялық анатомия кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты А.Б. Пономарев.
Оқу құралы «Патологиялық анатомия» пәні бойынша медициналық ЖОО студенттері мен резиденттерге (ординаторларға) арналған кешенді электронды интерактивті білім беру ресурсы болып табылады. Оқу құралын жазу кезінде авторлар материалдың классикалық көрсетілімін сақтап қалды, оны дәстүрлі түрде екі бөлікке – жалпы және жеке патологиялық анатомияға бөлді. Ол жалпы медицина, педиатрия және стоматология мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білімнің Федералдық мемлекеттік білім беру стандартының үшінші буыны талаптарына сәйкес келеді және студенттер мен резиденттерге (ординаторларға) патологиялық анатомия бойынша жалпы және жеке курстарын оқып үйренуіне көмектесу үшін арналған.
Бұл оқу құралы екі бөлімнен тұрады: пән бойынша теориялық деректер мен иллюстрациялық материалдан (макро- және микроскопиялық фотосуреттерден) тұратын «Нұсқаулық», және микропрепараттардың бірегей таңдауы қамтитын «Атлас» - патологиялық үдерістердің белгілерімен интерактивті бейне суреттері.
Оқу құралы авторларының өз алдына қойған негізгі мақсаты күрделі патоморфологиялық үдерістерді жүйелі түрде оқып үйренуді қамтамасыз ету. Әрбір микропрепаратта негізгі патогистологиялық өзгерістер көрсетіледі, бұл сабақта тәжірибелі кеңесші-морфологтың қатысуы елесін жасайды және патологиялық үдерісті өз бетінше оқып үйренуге мүмкіндік береді. Ұсынылған макропрепараттар әртүрлі патологиялық жағдайлар кезіндегі морфологиялық өзгерістердің көрінісін толықтырады.
Авторлар осы электронды оқулықты дайындауға атсалысқан және оның пайда болуына үлес қосқандардың барлығына алғысын білдіреді.
Жобаны құру идеясы И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің клиникалық молекулалық морфология бөлімінің патологиялық анатомиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ю.А. Криволаповпен және авторлар тобын жинаған, Ресейдің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Халықаралық патология академиясының мүшесі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, И.М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті патологиялық анатомия кафедрасының құрметті меңгерушісі мен оқытушысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор В.С. Пауковпен сұқпаттасу кезінде туындады.
Қазіргі уақытта мұндай электронды басылымдарды дайындау және басып шығару заманауи жоғары технологиялық жабдықтарсыз және гистологиялық препараттардың жоғары сапалы өндірісін қамтамасыз ететін зертханалардың материалдық-техникалық жабдықталуынсыз мүмкін емес. Бұл мүмкіндіктерді авторлар И.И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің клиникалық молекулалық морфология бөлімінің патологиялық-анатомиялық бөлімшесінде, оның меңгерушісі Ю.А. Криволапованың жетегімен жүзеге асырды. Бөлімше лаборанттарының шеберлігінің арқасында (лаборанттар: Е.А. Смирнова, М.О. Зеленцова, И.Н. Хасанова, Ю.В. Рафеенко және лаборант А.А. Козлова), біз жоғары сапалы гистологиялық препараттарды өңдеп, жинадық, олар кейіннен интерактивті бейне суреттерге айналды. Ерекше алғыс инженер А.В. Осиповқа жобаны техникалық қолдау және техникалық қателерді түзетуге көмектескені үшін.
Патологияның әртүрлі бөлімдері бойынша бізбен мұрағаттық блоктармен бөліскен әріптестерімізге ерекше алғыс білдіргіміз келеді: Н.Н. Петров атындағы Ұлттық медициналық онкология ғылыми-зерттеу орталығы прозектурасымен патологиялық-анатомиялық бөлімінің меңгерушісіне - медицина ғылымдарының кандидаты А.С. Артемьеваға; Балалардың жұқпалы аурулары ғылыми-клиникалық орталығының тіндік және патоморфологиялық зерттеу әдістері бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы В.Е. Каревке; Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің медицина факультеті патология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты А.В. Колобовқа.
Электронды оқу басылымының авторлары қызығушылық танытқан сайт пайдаланушылары мен оқулық оқырмандарына алғысын білдіреді және пікірлерін күтеді. Кез келген ескертулер, ұсыныстар мен сындар ризашылықпен қабылданады. Оларды sorokina_e@geotar.ru электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.